$ 439.43  473.31  4.82

Оралда түнгі клубта қолына қару ұстап билеген азамат ұсталды

Тәртіп сақшылары оқиға орнын бірден анықтады.

Оралдағы түнгі клубтардың бірінде жас жігіт көптің назарын өзіне аудару үшін қарумен билеген. Оның бұл әрекетін жанындағы жолдастары видеоға түсіріп, желіге жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тәртіп сақшылары оқиға орнын бірден анықтап, жігітті далаға алып шықты. Тексеру барысында суық қарудың муляж екені анықталды. Осылайша өзіне назар аудартпақ болған қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне өзінің іс-әрекетіне қатысты түсініктеме берді», - деп көрсетті БҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары