$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде қатты жел соғады.

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 17-22 жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батыста, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде облыс орталығында 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қызылорда қаласында дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Түнде батыста, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы аймақтарында 15-20, таулы аудандарында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз. Түркістан қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары