$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ даласын жаяу аралаған ақсақалға Жезқазғаннан пәтер берілді

Табиғатынан ширақ, тың, ақикөз ақсақал енді Алдыңғы Азия мен Еуропаны, АҚШ пен Моңғолияға табан тіреп, аталған елдерді жаяу аралауды жоспарлап отыр.

Қазақ даласын жаяу кезіп, егде тартқан шағында ерекше жол-cапарға шыққан Сәрсенбай Оспанұлына пәтер берілді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазды.

Ғалымжан Құсманғали есімді фейсбук қолданушысы қазақ даласын аралаған ақсақалдың мерейін өсіріп, мейманасын тасытқан іс-шара жайын баяндады.

"Бүгін жиһанкез ақсақалды облыс орталығында марапаттадық. Осы жылдың 31 наурызында жорығын бастаған 72 жастағы Сәрсенбай ақсақал 6 айда 8 мыңдай шақырым жерді жаяу жүріп өтті. Астанадан қасиетті Меккеге дейін 6139 шақырым. Демек, егер Сәрсенбай ата мұсылмандық парызын орындаймын десе, онда артығымен атқарар еді. Өзінің осы жорығын соңғы 6 жыл бойы ойлап жүріпті, жоспарлапты. Бұл да жас буынға үлкен үлгі. Алдыңа қойған мақсаттан ешқашан бас тартпа. Қанша қиындық болса да, ауыр сәттер болса да, алға қарай жүруге талпыну керек. Себебі, кез-келген адам шексіз мүмкіндіктерге ие. Үлкен кісіге өзінің ісіне сай сый-құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастамасымен,  Kazakhmys Corporation-ның қолдауымен Жезқазған қаласының орталығында пәтер кілті тапсырылды. Шапаны жабылып, естелік сыйлықтар берілді. Атамыз жүз жасасын!", - деп ыстық ықыласын білдірді автор.

Табиғатынан ширақ, тың, ақикөз ақсақал енді Алдыңғы Азия мен Еуропаны, АҚШ пен Моңғолияға табан тіреп, аталған елдерді жаяу аралауды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары