Қазанның 1-і мен 11-і аралығында Әзірбайжанда өткен 16 жасқа дейінгілер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы 12 жастағы астаналық шахматшы Сауат Нұрғалиев жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сында ол бес ұпайдан 4,5 ұпай жинап, Дүниежүзілік олимпиаданың үздік шахматшысы атанды. Ол 4 рет жеңіп, 1 рет тең ойнады. Сауат Нұрғалиевтің "алтынынан" бөлек, жекелей сында Иманғали Ақылбай қола медальмен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына медальдарды ФИДЕ-нің экс-президенті Кирсан Илюмжинов табыс етті.