Жаңалықтар 12.10.2022 сағат 13:00

«Бұдан былай майнерлер салық төлеуге мәжбүр болады» - депутат

Бұл ретте олардың қызметі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен реттеледі және лицензияланады.
«Бұдан былай майнерлер салық төлеуге мәжбүр болады» - депутат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан криптовалюта майнерлерін 2024 жылдан бастап өз капиталының 75 пайызына дейін қазақстандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеу жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілісте цифрлық активтер нарығын дамытуға бағытталған "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң жобасы мен оған қатысты төрт заң жобасының бастамалары талқыланған.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, майнинг мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр, себебі олар Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушысы, сонымен қатар майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналады.

"Жасалып жатқан экожүйеде жаңа қаржы институты – қазақстандық криптобиржалар дамып келеді. Олардың қызметін қолдау 2024 жылдан бастап майнерлерге өз капиталының 75 пайызын отандық криптобиржаларға айырбастауға міндетті талап енгізу арқылы жүзеге асырылады", - деп түсіндірді Смышляева.

Бұдан басқа, Қазақстанда салық салу бөлігінде жабдықтарды әкелу кезінде қолданыстағы қосымша құн салықтарына және корпоративтік табыс салығын, майнинг-пулдың табысына салынатын салықты, криптобирждардағы операциялардан төлемақыны республикалық бюджетке алу жоспарланып отыр.

Бұл ретте олардың қызметі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен реттеледі және лицензияланады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар