$ 494.87  520.65  4.91

Jusan Bank Нұрсұлтан Назарбаевтың өздеріне қатысы барын жоққа шығарды

Осы мәлімдеме арқылы Банк Назарбаев мырзаның да, оның отбасы мүшелерінің де Банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания JTL-ге қатысы жоқ екендігін хабарлайды.

Жақында халықаралық баспасөзде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank-пен және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited, UK (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар жарияланған еді.

«Мақалаларда Назарбаев мырза Банкті де, JTL-ді де өз бақылауында ұстайды делінген. Осы мақалалардың кейбірі Қазақстан басылымдарында және әлеуметтік желілерінде жарияланып, таралды. Банк аталған мақалаларда мәліметтер қатты бұрмаланғанын атап өтеді. Осы мәлімдеме арқылы Банк Назарбаев мырзаның да, оның отбасы мүшелерінің де Банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания JTL-ге қатысы жоқ екендігін хабарлайды. Олар банктің акционерлерінің құрамына да кірмейді және қандай да бір нысанда Банкке немесе JTL-ге бақылауды жүзеге асырмайды», - деп хабарлады Jusan Bank-тің баспасөз қызметі.

Банк өз беделін сақтау үшін және кез келген негізсіз айыптаулардан, қажет болса, заң амалдарына жүгіне отырып қорғанатынын мәлімдеді.

Azattyq Ruhy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары