Өзбектер үшін қатты қуандым және қатты кө*ім ашыды. Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты аяқталуы жақын. Міне, дәл осы бәсекеде жергілікті спортшылар 2 алтын жеңіп алды. Бұл – өте керемет жетістік. Өзбекстанда дзюдоның дамуы нық бір жолға қойылды, тіпті, жемісін беріп те жатыр деген сөз. Аталған жігіттер алдағы олимпиадада да басты фаворит болады.
Ал, біздің еншімізде қос қола. Соған мәзбіз. Ол да, былай қарасаң, тәуір көрсеткіш. Бірақ, көрші елмен салыстырғанда төмен. Өйткені, ақшаны аямай құйып жатырмыз, жағдайды барынша жасап жатырмыз. Қолдау жағынан көршілерден еселеп асып түспесек, еш кем емеспіз. Алайда, нәтиженің түрі мынау.
Бір ғана Сметов қашанғы күреседі? Басқа жігіттердің де жасы келді. Қажыды. Шаршады. Оны алғашқы айналымнан аса алмай жатқанынан-ақ байқадық. Мына түрімізбен Франциядағы ойындарда не боламыз? Жеткен жетістікке тоқмейілсіп, бір-бірімізді мақтап, үсті-үстіне марапаттап, ішімізден іріп жүре беруге де болады. Бірақ, айналаға да қарау қажет...
Аслан Қаженовтың инстаграм парақшасынан