Жаңалықтар 13.10.2022 сағат 15:20

Семейліктер биыл жылусыз қалуы мүмкін

Мәселені 1,4 млрд теңге қаржы бөлу арқылы шешу ұсынылды.
Семейліктер биыл жылусыз қалуы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сенатор Айнұр Арғынбекованың айтуынша, тиісті қаражат бөлінбесе, семейліктер қыста жылусыз қалуы әбден мүмкін,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы биыл құрылған Абай облысына сапары барысында қаланың жылыту жүйесінің әбден тозуына байланысты бірқатар тапсырма берді. Менің депутаттық сауалыма Абай облысындағы өзекті мәселелер арқау болды. Әлеуметтік маңызы бар  нысандарға бюджетті қарастыруға қатысты мәселе бар. Қаланы жылумен жабдықтайтын жылу-коммунэнергия саласы тариф тапшылығының себебінен шығыны көп болып отыр. Көмір сатып алуға өздерінің қаражаты жоқ. Бұл жылыту маусымындағы кедергілерді тудырып отыр», - деп атап өтті сенатор Сенат кулуарында.

Сенатор жылыту маусымы кезінде жағдайы нашар жергілікті ЖЭО Семей қаласының тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіні туралы өзінің депутаттық сауалында да айтты.

«Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша «Жылукомунэнерго» МКК несие берешегі 2,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жалақы бойынша берешек - 318 млн теңге. Түскен барлық қаржы жалақы төлеуге беріледі. Жылыту маусымында үзіліс болу қаупі бар, бұл климаты қатал аймақ жағдайында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін. Оны ҚР Үкіметінің резервінен 1,4 млрд теңге сомасында қаржы бөлу арқылы қолдау қажет. Есеп-қисап жасалды, қаржылық негіздеме бар», - деді Айнұр Арғынбекова.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар