Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мектептердің бірінің дәретханасына мемлекеттік Елтаңба жабыстырылған жәшік қойылғаны жөнінде телеграмм каналдардың бірінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Аудан әкімдігі елтаңба жабыстырылған жәшік Сұлтанрабат ауданындағы Жыланбұзған жалпы орта мектебінің дәретханасынан табылғанын хабарлады.
Полиция мектеп директорының орынбасарына әкімшілік кодекстің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бабы (448-бап) бойынша хаттама толтырып, қатаң ескерту берген.