13 қазанда Самара – Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте күзет агенттіктеріеің бірінің 52 қызметкері болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты Ақжар ауылының маңында болған.
"Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері, олар жұмысқа бара жатқан", деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлердің айтуынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус шұңқырға ұшып кеткен.
Түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады ведомстводан.
Дәл осы тарссада13 қазан күні таңертең "Газель" мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан автобустың бір жолаушысы қаза тауып, бесеуі зардап шекті.