Бахрейнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Асылжан Бектай осы айтулы додада Қазақстанға екінші алтын әперді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, Асылжанның нәтижесі – 362 (165+197) кг.
Екінші орын қырғыз елінің спортшысы Эмиль Молдодосовқа бұйырды. Оның нәтижесі – 361 (166+195) кг, үшінші орынды ирандық Масуд Шатраея иеленді: 358 (162+196) кг.
Алдында Қазақстан ауыр атлеті Зульфия Чиншанло Бахрейн астанасы - Манамада 220 (95+125) келіні көтеріп, алтын медаль еншілегені хабарланған болатын.