14.10.2022, 07:05

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com
Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында – тұман.