16.10.2022, 05:05

«Эйр Астана» әуе компаниясы жаңа ұшақтар алды

Бұл ұшақ билеттерінің құнының қолжетімді болуына және ұшу кестесінің уақытынан ауытқымауына ықпал етеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиация комитеті қазақстандың әуе компанияларымен бірге жаңа ұшақтар сатып алу, тасымал көлемін арттыру мен рейстерің кешігуінің алдын алу жұмыстарын жағастыру үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

15 қазан күні түнде «Эйр Астана» компаниясының «А321LR» ұшағы жеткізілді. Аталған ұшақтың 166 креслосы (15 бизнес, 15 эконом класс) бар. Алдағы уақытта әуе компаниясына осындай ұшақтардың 28-і жеткізіледі. Оның 9-ы «A321LR» моделі болады.

Бұл ұшақтар әуе компаниясының тасымал мүмкіндігін арттырып, ұшақ билеттерінің құнының қолжетімді болуына және ұшу кестесінің уақытынан ауытқымауына ықпал етеді.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін отандық тұраұты тасымалдаушылардың паркіне тағы 7 ұшақ қосылады. Осының арқасында қазақстандық әуе компанияларының сыйымдылығы 20%-ке артады. Сондай-ақ ол рейстердің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан әуе компанияларының әуе кемелер паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және бұл жұмыстар ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында»,-делінген хабарламада.