Жеңіл атлетикадан еліміздің шығыс өңірінің мектебінің түлегі Арина Гладышева Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арина Гладышева 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озып, бас жүлдені еншіледі.
Осылайша, өскемендік 16 жасар жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынын Азия чемпионатының екінші алтын медалімен толықтырды.