$ 494.87  520.65  4.91

Астанада сатушыны тонаған күдіктi ұсталды

Күдікті бұрын сотталған елорданың 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күндізгі уақытта 102 пультіне қала тұрғыны хабарласып, оны тонап кеткенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол Республика даңғылындағы аяқ киім дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Сол дүкенде сатушы жігіт бейтаныс адаммен алкогольді ішімдік ішіп, бірге уақыт өткізіп отырғанда әлгі кісі өзімшілдікке салынып, сұрамай-ақ сөредегі заттарды киіп көре бастаған.

Мас ер адам сатушының ескертулеріне мән бермеген. Осылайша олардың арасында жанжал басталған. Қаскүнем танымал маркадағы спорттық аяқ киім мен былғары сырт киімді алып кетіп қалған. Көшеде күдікті соңынан келген сатушыға күш қолданып, оны соққыға жыққан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған елорданың 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

– Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді “Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марк Азволинский.

Астана қаласының Полиция департаменті қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тонау #Астана