Қостанай облысы Рудный қаласында ауыр қылмысқа қатысты сот отырысы өтті.
27 жастағы Захар Буторин көшеде 54 жастағы Сергей Зинченкомен кездеседі. Екеуі бірінің пәтеріне барып, көңіл көтермек болады. Дүкеннен екі бөтелке ішімдік алып, Зинченконың үйіне барады. Көңілді отырыс жанжалға ұласады. Зинченко Буторинды пышақпен қорқыта бастайды. Ашуға булыққан Буторин қарсыласын ұрып, пышақты тартып алып, Зиченкоға он жерден пышақ салады.
Кеуде, асқазан, жамбасынан жарақаттанған Зинченконың тастап, Буторин көшеге шығады.
"Куәгер Атрохин сол күні сағат 16:10 шамасында балконда тұрған. Далада ойнап жүрген ұлы бір адамның көпқабатты үй кіре берісінде дәрет сындырғанын айтады. Атрохин ұлы көрсеткен адаммен сөйлесуге бел буады. Ал ер адам Атрохинді балағаттайды. Атрохин сыртқа шығып, ер адамды қуып жетпек болады",- деді мемлекеттік айыптаушы Нино Капанадзе.
Көршісі Буторинді қуып жетіп, жерге құлатады. Жанжал болған жерге дереу полицейлер келіп, олар бұзақылық үшін Буторинді бөлімшеге алып кетеді. Келесі күні қайын енесі оны полиция бөлімінен алып кетеді. Іле-шала арттарынан үйге жедел полиция қызметкерлері келеді. Сотталушы Зинченконы өлтіргісі келмегенін, тек қорғанғанын айтып ақталумен болады. Алайда, мемлекеттік айыптау бұл дәлелді негізсіз деп санайды.
"Егер ол оның өлгенін қаламаса, онда оны неге тастап кетті? Неліктен жедел жәрдем шақырмады? Жарақаттанған Зинченкоға көмектесуге Буториннің мүмкіндігі болды", - дейді мемлекеттік айыптаушы.
Марқұмның әпкесі Зинченконың айтуынша, ағасы оқиғадан кейін тағы бірнеше сағат тірі болған және оны құтқаруға болатын еді. Істің барлық мән-жайларын, соның ішінде кінәні жеңілдететін яғни,
Буториннің баласы барын ескеріп, мемлекеттік айыптау соттан Буторинге баптың санкциясының ең төменгі шегінен сәл жоғары жаза тағайындауды, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот үкімі келесі күні жариялануы керек.
Алау-ТВ арнасының мәліметінше оқиға сәуір айында болған.