17.10.2022, 16:00

Қырғыз азаматы Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі кіргізбек болған

Фото: gov.kz
Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 кг аса психотроптық зат табылды.

Жамбыл облысында шекара бекетінен 10 келіден астам есірткі алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті.

«2022 жылғы 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын кіргізу әрекетінің жолын кесті.

Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 кг аса психотроптық зат табылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.