Белгілі қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Ташкентте өткен дзюдодан өткен әлем чемпионатына қатысқандардың жүлде үшін алған сыйақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына жекелей сында ғана екі жүлде түсті. Әбиба Әбужақынова (48 келі) және Елдос Сметов (60) қола жеңіп алған болатын. Осы үшін балуандарға сегіз мың еуродан берілді.
"Әлем чемпионаты жүлдегерлеріне осындай сомма беру - бұл масқара! Кей спортшылар үшін бұл бірінші және соңғы жеңіс болуы мүмкін! Қазақастан спортына сыйақыға қатысты жаңа заңдар керек деп ойлаймын... Мұндай қорлаудан кейін баланы спортқа берудің қажеті не?" - деп жазды Қуат Хамитов Instagram желісіндегі стористе.