Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты Нұржан Әлтаевтың президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттаманы жарамсыз деп таныды. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы хабарлайды.
«Сот «Мұқалмас» үкіметтік емес ұйымының жалпы отырысында қатысушылардың көпшілігі Нұржан Әлтаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсынуға қарсы дауыс бергенін анықтады», - деді судья Лаура Сүйіндікова.
Бұған дейін Нұржан Әлтаев президенттікке кандидатураны «Мұғалмас» ҮЕҰ-дан ұсыну үшін құжаттарын тапсырған болатын. Бірақ бұл ретте комиссияға бірқатар бірлестік филиалдарының басшыларынан хаттаманың бұрмаланғаны туралы мәлімдемелер келіп түскен. Ақыры ОСК Алтаевтың кандидатурасын қарау процесін тоқтатты.