$ 448.56  478.03  4.79

Тоқаев патриоттық челленджді қолдады

«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!», деп жазды Президент.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев желіде 2020 жылы 25 маусымда жарияланған Нұрлан Қоянбаевтың Қазақстан туымен байланысты челленджін қолдап, пікір қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Instagram-дағы продюсер жарияланымы астына пікір де жазып қалдырды.

"Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!", деп жазды Президент.

Айта кетсек, отандық продюсер Нұрлан Қоянбаев 2020 жылы 25 маусымда әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан туының суретін жариялап, ерекше челленджді іске қосқан болатын. Ондағы мақсат - пікір жинаудан әлемдік рекорд орнату. Бүгінгі таңда Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жарияланым 13 млн 894 мың 392 пікір жинап үлгерген.

Нұрлан Қоянбаев Президенттің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, желіде жауап жазды.

"Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз - әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!", деп жазды ол желіде.

2022 жылы 3 маусымда Нұрлан Қоянбаев аталған челленджді ел азаматтарының есіне салып, қайта бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары