$ 494.87  520.65  4.91

«Бір адам көз жұмды»: Қарағанды облысында аң аулауға шыққан бір топ адам өрт құрсауында қалған

Құрғақ шөпке тиген от лезде лаулап өршіген.

Аң аулаймын деп ажал құшты. Қарағанды облысында саятшылық құрған бір топ адам өрт құрсауында қалып, біреуі мерт болды. Денесін күйік шалған тағы бір азамат ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, жергілікті тұрғындар аң атуға барған. Жарты жолда машинадан өрт шыққан. Құрғақ шөпке тиген от лезде лаулап өршіген.

Төрт азамат өртті сөндіруге жанталасқанымен еш нәтиже болмаған. Әбден шаршаған олар қара түтіннен бір-бірін көрмей адасып қалыпты. Аңшылардың біреуінің денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілді. Ал 31 жастағы ер адамның денесі ертесі күні бір-ақ табылған. Қазір марқұмның нақты неден өлгені анықталып жатыр. 

“Бүгін таңертең 1991 жылы туылған аңшылардың бірінің мәйіті табылған болатын. Зардап шеккен азаматтың  түсіндірмесі бойынша, далада жүріп келе жатқанда көлік коллекторының жануы пайда болып шөп өртенген болатын”, – дейді Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы Нұрлан Жақыпбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары