$ 442.05  474.14  4.74

Жамбыл облысының әкімі «еркелету сағатын өткізу керек» деген тапсырма бергені рас па?

Ата-аналар кешкі 20-21 сағат арасында балаларын еркелетіп, фото мен видео түсіріп мұғалімдерге жіберуі керек екен.

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы әкімінің балаларды еркелетіп бейнежазба түсіру керек деген тапсырмасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы белгілі журналист, көпбалалы ана Мөлдір Анарбаева өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ата-аналар кешкі 20-21 сағат арасында балаларын еркелетіп, фото мен видео түсіріп мұғалімдерге жіберуі керек екен.
Хатта Жамбыл облысы әкімінің арнайы тапсырмасымен «Еркелету сағатын» өткізуді бұйырған.

Осы ақпарат шыққаннан Orda тілшісі ауыл-аймақтардағы ата-аналармен хабарласты. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Бота әкімдіктің жаңашылдығы туралы айтып берді.

    – Иә, бізге де жіберген. Менің ойымша, еріккеннің тірлігі. Әр ата-ана өз үйінде өздері үшін еркелетеді, ол мұғалімдер үшін еркелетпейді. Біреуге көрсету үшін, біреуге бірдеңе дәлелдеу үшін еркелетпейміз. Өзіміз үшін еркелетеміз. Ол мұғалімдерге не үшін керек? Өткенде бізге де айтқан суретін салып жіберіңіздер деді. Өзім үшін еркелетем, оны жұртқа көрсетемін бе, көрсетпеймін бе «это моё дело». Олар «показуха» жасайын деп жатыр, – деді ол.

Жамбыл ауданының Гүлназ есімді тұрғыны да өз пікірін айтты.

    – Бізде қарсымыз! Еркелететін ата-ана көз бояушылықсыз-ақ еркелетеді ғой, жақсы көреміз, еркелетеміз. Оны көпке жария қылудың қажеті жоқ. Өз уақытымызды, басқаның уақытын аламыз. Қазіргі заманның балаларының арманы жоқ. Барлық жағдай жасалған, барлығы бар. Еркелету жеткілікті, – деді Гүлназ.

Жамбыл ауданының тұрғыны Салтанаттың пікірі де жоғарыдағы пікірлерге ұқсас.

    – Еркелетеміз, жақсы көреміз, бала да біледі. Мұндайды жылдың аяғында да айтты. Бұл – күлкілі жағдай. Мысалы, 4-5 жасар баланы еркелетіп түсір десе, түсіреміз. Ал үлкен балаларды, оқушыларды, 11 жасар, 10 жасар еркелетіп бейнежазба түсіру күлкілі. Жасанды секілді, – деді ол.

Бастама тек ұсыныс ретінде берілген. Жазба және фото түрінде ешқандай есептер сұралмайды. Бастаманың мақсаты – ата-ана мен баланың арақатынасын нығайту, отбасы тәрбиесін күшейту және жасөспірімдер арасындағы теріс әрекеттердің алдын алу.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары