$ 494.87  520.65  4.91

«20 нокауты бар боксшы»: Головкин чемпиондық атағын қорғауға міндеттелді

Титулды айқас өткізу бойынша келісімге келуге 30 күн берілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) WBA және IBF ұйымдарының ортақ шешімі бойынша титулдарын бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 KO) айқаста қорғау керек болады, деп хабарлайды Boxingscene.com.

Головкин мен орта салмақта WBA "регуляр" белбеуіне ие Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 KO) титулды айқас өткізу бойынша келісімге келуге 30 күн берілген. Бұл уақыт бітуге таяғанда қазақстандық боксшыны бразилиялықпен жұдырықтасуға міндеттеу туралы шешім шықты. 

Бұған қатысты Головкин мен Фалькао лагерінің өкілдері пікір білдірмеді, өйткені, әзірге бұл хабар санкция беретін органға жеткен жоқ. 

Айта кетейік, Головкин кейінгі айқасында мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары