$ 481.84  531.33  5.07

Самокат тебушілерге арналған заң қабылданады

Бүгінде самокат тебушілер «жол қозғалысының өзге қатысушылары» мәртебесінде жүр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жуырда самокат тебушілердің жол жүру ережесіне қатысты заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бүгінде самокат тебушілер «жол қозғалысының өзге қатысушылары» мәртебесінде жүр. Өйткені заңда оларға қатысты арнайы бап қарастырылмаған. Десе де, бұл мәселе талай мәрте көтерілгендіктен, Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта заңға өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

«Биыл Сауда және интеграция министрлігі самокатты стандарттау жұмысын тәмамдады. Енді осы стандарттың негізінде біз Жол жүру ережесіне қатысты заңға өзгерістер енгіземіз. Содан кейін әкімшілік шаралар қолданылатын болады», - деді Жандос Мұратәлиев.

Алайда Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары нақты қандай өзгерістер енгізілетінін ашып айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары