$ 442.05  474.14  4.74

«Үйімде асымды ішіп...»: Ресейлік жігіттерге көмектескен қазақ қызы оңбай опық жегенін айтты (ВИДЕО)

Одан да далада қалаған өз студентерімізге қол ұшын созайық.

Бұл туралы ол қазақстандықтарға арнайы видео үндеу жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ресейліктерге көмектесіп жүрген қазақстандықтарға айтқым келеді, мен сіздерді айыптамаймын. Өзім де ешкімді ұлтқа бөлген емеспін. Бірақ, жуырда басымнан келеңсіз жағдай өтті. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қарайтын болдым. Біз жігітім екеуіміз Новосибирсктен келген екі орыс жігітін күтіп алып, өз көмегімізді ұсындық. Қысқасы үйімізге шақырдық, барлығын талқыладық. Оларға бұл жер ұнап, Астанада қалатын болды. Біз екі күн көмектесіп, қастарында жүрдік. Шын жүректен көмектескіміз келді. Өйткені жас жігіттер, Қазақстанға бірінші рет келген. Екі күн дегенде жақсы бағаға жақсы пәтер таптық. Бірақ үй иесі ресейліктерге пәтер өткізгісі келмеді. Барлық жауапкершілікті мен өз мойныма алдым, «менімен келісіңіз, ешқандай мәселе болмайды» деп пәтер иесін көндірдім. Үй ресейліктерге ұнады, олар: «бәрі керемет, біз осында қаламыз» деді.

Олар кепілдік ретінде 10 мың теңге қалдырып, қалғанын ертең картаға аударамыз деп келісті. Содан бәріміз қуанып, кешкі асқа бардық. Орыстар қатты риза болып «бізді ешкім бұлай күтіп алған емес, біз соғысқа қарсымыз, Путинге қарсымыз» деген сөздер айтты. Сосын олар демалуға кетті.

Бірақ, таңғы 4-те олардың бірінен хабарлама алдым, «Дана кешір, біз мұнда тұрмаймыз, бұл жер сасық, лас» деп жазып жіберіпті. Содан бері хабарласып көрдік, олар телефонға жауап бермейді. Кілтті үйімнің қасындағы дүкенге тастап кеткен.

Сондықтан айтарым, ешкім сіздердің жақсылықтарыңызды бағаламауы мүмкін. Әуре болмаңыздар. Өйткені өзім соны бастан өткердім. Кеше ғана үйімде отырып ас ішкен әлгілер қазір телефоныма да жауап бермейді. Бір айдан соң олар сені есіне де алмайды. Сондықтан ойланайық. Одан да далада қалаған өз студентерімізге қол ұшын созайық», - деді қазақ қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мобилизация