$ 443.44  480.51  4.88

Көліктерге тонировка жасауға салынған тыйым қайта қаралатыны рас па?

Елімізде көлік әйнегін қараңғылауға тыйым әлі де күшінде.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев көліктердің әйнегін қараңғылауға салынған тыйымды қайта қарау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте журналистер ведомство өкілдеріне көліктерге тонировка жасауға тыйым салу мәселесін қайта қарау жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойды. Сондай-ақ, оған тыйым салу қажеттілігінің ғылыми негіздемесі туралы сұралды.

"Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ көлік әйнегін қараңғылауға тыйым күшінде. Алдыңғы терезелерді, алдыңғы бүйір терезелерді қараңғылауға тыйым салынады. Артқы бүйір терезелер мен артқы әйнектерге рұқсат етіледі. Бұл, әрине норма нақты қай жылы енгізілген... Сонда көптеген жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуі, ұялы телефонды пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына балаларды отырғызу, яғни жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, балаларын алып жүруі. Менің ойымша, басқа да себептер болды", - деп түсіндірді Жандос Мұраталиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары