$ 441.66  475.14  4.86

Канело Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондарын атады

"Қазақстан! Олар - әлемнің әлеуетті чемпиондары. Үш чемпион", - деді Канело.

Мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Желіде мексикалық спортшы Сауль Канело Альварес Suleimen Promotion компаниясы атынан шығатын қазақстандық боксшылармен кездесіп, олардың мүмкіндіктеріне баға беретін видео пайда болды.

"Қазақстан! Олар - әлемнің әлеуетті чемпиондары. Үш чемпион", - деді Канело.

Әңгіме үш боксшы туралы болып отыр. 23 жастағы Евгений Павлов екінші салмақта өнер көрсетіп, жеті жекпе-жекте де жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

25 жастағы орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл маусымда АҚШ-та дебют жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 24 жастағы Бек Нұрмағанбет екі жыл ішінде өткізілген жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын).

"Канело сіздерді әлем чемпиондары деп атады. Бұл - Канело тарапынан үлкен марапат", - деді тілші қазақстандықтарға.

 

  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары