24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: "38-1. Кітапханашы күні - 24 қазан", - делінген құжатта.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
"Ашық НҚА" порталындағы сипаттамада қаулының мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін жақсарту және оны кәсіби аренада ынталандыру екені атап өтілген.