$ 494.87  520.65  4.91

14 жастағы қазақ қызы Азияның бірінші ракеткасы атанды

14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады.

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық спортшының еншісінде 2722 ұпай бар.

Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода – оныншы орындарға жайғасты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары