20.10.2022, 18:00

Головкин мен Әлімханұлы үздік боксшылар рейтингісінде көш бастап тұр

Фото: egemen.kz
Беделді The Ring журналының сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Беделді The Ring журналының сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Оның ішінде қазақстандық Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин – бірінші орында, WBC чемпионы Джермалл Чарло екінші орында тұр. WBA белдігінің иегері Әлімханұлы тізімде бесінші болып тұр.

The Ring-тің орта салмақтағы ТОП-10 тізімі келесідей:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4. Хайме Мунгия (Мексика)

5. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

6. Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

7. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)

8. Риота Мурата (Жапония)

9. Сергей Деревянченко (Украина)

10. Эрисланди Лара (Куба)