$ 442.05  474.14  4.74

Тоқаев Швейцария, Аустрия және Сингапурдағы елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысы сыртқы саяси ведомствода бірқатар ауыс-түйіс жасады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы сыртқы саяси ведомствода бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды  Ақордаға.

- Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

- Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

- Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары