Елордада аяқ киім дүкенінде әйел адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Рolisia.kz.
"Сағат 18.39-да "102" арнасына ер адамның қызды пышақтап өлтіргені туралы қоңырау түсті.
Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Аталмыш факті расталды.
Дүкен ішіндегі касса маңынан еденде жатқан пышақ жарақаты бар әйелдің денесі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды", – делінген хабарламада.
Анықталғандай, ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындаған. Кейін марқұм болған әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.
"Елорданың полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді полициядан.