$ 448.15  483.46  4.86

«Рамиль Мухоряповты жолда қалдыратын қазақтың IT мамандарына көмектесейік» - Нұрлан Албан

Қазақстан Халқы Ассамблеясынан әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылған жоқ. Мына жүгенсіз кеткен байғұсты аузына кісен, аяғынан тұсау салатын ешкімнің табылмағаны ма?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал қазақ әншісі Нұрлан Албан Chocogroup компаниясы байкот жариялайтынын айтты. Бұл туралы ол инстаграм парақшасына видео жариялады, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты” деген сөзді біз бала кезімізде аңыз, ертегілерден естуші едік. Қазір 21 ғасырда бүгінгі күні бүкіл Алаш жұртының ашуын туғызған, жер астынан екі құлағы тік шыққан Рамиль Мухоряпов деген бір байғұс кәсіпкер пайда болды. Бұның басқарып отырған компаниясы - Chocogroup. Жылдық табысы - 17 млн доллар. Яғни, қазақтың наны жақсы, суы жақсы, жері жақсы, ақшасы жақсы, ал қазақтың өзі байғұс қалпына түсті.

Ол “орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, бұл - ұлтылшылдықтың әрі төмен мәдениеттің белгісі”,- дейді. Мұндай баға беретін ол кім? Жоғары жақта отырған, әсіресе Қазақстан Халқы Ассамблеясынан әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылған жоқ. Мына жүгенсіз кеткен байғұсты аузына кісен, аяғынан тұсау салатын ешкімнің табылмағаны ма? Бұл ұлтараздық үлкен дүрбелеңді туғызатынын айдан анық.

Бұл Chocogroup деген мобильді қосымшалар. Рамиль Мухоряпов деген байғұсты ауызға ұратын Алаштың мықты IT технологияны меңгерген қазақ азаматтары басым. Соларға көмектесейік. Мен өз басым байкот жариялаймын. Егер де намысыңыз болса, қазақ болып туғаныңызға қуанып жатсаңыз сіз де байкот жариялаңыз! 

IT технологияны меңгерген қазақ бауырларымыздың ісін дөңгелетіп алып кетуіне ат салысайық! Ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы бұған дереу үн қатады деген сенімдеміз”,- деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары