$ 494.87  520.65  4.91

Шекарада ақша бопсалаған «Бейнеу» қылмыстық тобы ұсталды

Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

2022 жылғы 11 қазанда бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстардың нәтижесінде бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып қоғамға қауіпті «Бейнеуліктер» қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды.

Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары