$ 494.87  520.65  4.91

LG зауыты Ресейден Қазақстанға көшуі мүмкін

Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG Ресейдегі зауытын жауып, өндірісті Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды  "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр.

Қазір компания қоныс аударатын жер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан нұсқаларын таңдап жатыр.

Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

Өндірістің Өзбекстанда ашылуы арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек, бірақ Қазақстанда төлем қабілетті тұтынушылар көп дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары