$ 439.43  473.31  4.82

Экономист: Теңгенің тұрақсыз болуы – импортқа тәуелділіктің көрсеткіші

Теңгенің құнын төмендеткіміз келсе, бірінші кезекте отандық тауар өндірушілердің пропорциясын өзгерту қажет.

Әлемдік дағдарыс, экономикалық жағдайға байланысты  көршілес мемлекеттерде валютаның құнсыздануы байқалады. Нәтижесінде, еліміздегі теңге тұрақсыздығы мен инфлияцияның көтерілуі басты мәселеге айналған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ал, тұрақтылықты сақтау үшін көптеген факторлар әсерін тигізеді.  Ел экономикасы мен халықтың қалтасына салмақ салған теңгенің күрт құнсыздануы туралы әлеуметтік желілер мен қазақстандық БАҚ-та түрлі пікірлер айтылуда.

Экономист Бауыржан Ысқақов теңгенің құнсыздануына әсерін тигізіп жатқан негізгі фактор – Қазақстанның импортқа тәуелділігі, дейді. Яғни, қажетті тауарларды Қазақстан өндіре алмай отыр.

– Еліміздегі ішкі сұраныс, оның ішінде қарапайым халық күнделікті тұтынатын қажеттіліктердің 65-70 пайызын Ресейден аламыз. Яғни, 65 пайызға дейінгі тауарды Ресейден сатып аламыз. Өзбекстаннан жеміс-жидек, Еуропа елдерінен техникаға тәуелдіміз. Егер теңгенің құнын төмендеткіміз келсе, бірінші кезекте отандық тауар өндірушілердің пропорциясын өзгерту қажет. Ішкі сұранысты қазақстандық тауар өндірушілердің үлесімен 65-70 пайызға дейін ауыстыратын болсақ, онда тек 15-20 пайыздық тауарды шетелден аламыз. Нәтижесінде  теңгенің тұрақты қалыптасуына жағдай жасай аламыз. Екіншіден, теңге құнсызданудың алдын алудың тағы бір тікелей жолы базалық мөлшерлемені төмендету қажет. Бір жылдың ішінде 9,25 тен базалық мөлшерлеменің коридоры қазіргі уақытта 14,5 дейін көтерілді. Яғни, бұл  инфляцияның жоғарылығын көрсетіп отыр. Осы ретте, банктер беретін несиелердің ставкалары да базалық ставкадан төмен болмайды деген сөз. Бұның өзі Қазақстандағы инфляцияның жоғарылығын және бағаның құнсыздануын көрсетеді, - дейді Бауыржан Ысқақов.

Сарапшының айтуынша, теңгенің құнсыздануының алдын алатын тағы бір жолы – экономиканы диверсификациялау. Қазақстан шетелге тек шиказатты экспорттайтын ел ретінде көрініп отыр. Тұрмысқа қажетті тауарларды шикізат ретінде емес, дайын өнім ретінде шығарсақ, бұл да инфлияцияның алдын алуға мүмкіндік беретін жағдай екенін айтты.

– Үкімет қолға алған қарапайым заттар экономикасы, бизнестің жол карталары сынды жобаға көп миллиардтар бөлінеді. Аталмыш жобалар нәтижесін бере бастаған уақытта ғана біз өзіміздегі инфлияцияның көлемін төмендете аламыз, - деді «Болашақ»  халықаралық бағдарламасының
стипендиаты Бауыржан Ысқақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары