$ 494.87  520.65  4.91

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі актерлердің 18 және 20 қарашаға дейін қамауда болатынын мәлімдеді.

Танымал актерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі актерлердің 18 және 20 қарашаға дейін қамауда болатынын мәлімдеді.

"18 қазанда сот шешімімен күдікті Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде тағы бір айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстауға санкция беру туралы тергеу органдарының өтініші түсті", –  делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұнымен қоса сот Мейірхан Шерниязовты да қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты. Ол 20 қарашаға дейін қамауда болады.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары