Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процесінің алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды, деп жазады Polisia.kz сайты.
Айыпталушы тарап жәбірленуші тараптың адвокатына қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген.
"22 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ доллары ақшаларын алғаннан кейін 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлерімен оның көлігіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында тағыда 3100 АҚШ доллары тәркіленіп алынды" - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.