Қызылорда қаласындағы “Астана” мөлтек ауданында жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығы тұрғындарды әбігерге салуда. Бұл туралы жергілікті басылымға сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды.
«Астана-2» шағын ауданында жаяу жүргіншілер жолының жоқтығынан қозғалыс қауіпсіздігі мүлдем сақталмайды. Тұрғындар автокөлік жолымен жүріп, өмірлеріне қауіп төндіруде. Мұнда тіпті көшенің бір бетінен екіншісіне өту үшін жаяу жүргінші жолағы да қарастырылмаған.
Шаһарда жаңадан бой көтерген мөлтек аудандар саны артуда. Солардың бірі “Астана” мөлтек ауданында бой көтерген сымбаты келіскен көпқабатты тұрғын үйлер көздің жауын алады. Десе де, сымбаты келіскенімен тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге арналған жолақұтың салынбағаны.
Көше бойына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мінсіз жолдың салынғаны жүргізушілердің жылдамдықты асырып, күнделікті апатқа түсуіне әкелуде. Асфальтта жылдамдықты тежейтін белгі де жоқ.
Жаңа ауданының тұрғындары жүйткіген көлік жолын кесіп жүруге мәжбүр. Осылайша, өз өмірлерін қауіпке тіккен тұрғындарды жүйткіген тұлпар жол бөліскен жүргіншінің өміріне қауіп төндіріп отыр.
“Біздің Қазақстанда бір нарсе жасалу үшін міндетті түрде адам өлу керек. Машиналар қатты жүреді. Тұратын аймаққа жақындағанда жылдамдықты азайту керек”,- дейді Ерболат есімді тұрғын.
Тұрғындардың айтуынша, адамдардың көлік астына түсіп жатқанын күнде көру үйреншікті құбылысқа айналған. Жергілікті халық құзырлы мекемелердің ешбір әрекетсіз отырғанына ашынуда.
“Күнде адам қағып кетеді. Неге “пешеход” салмайсыңдар? Міндетті түрде адам өлуі керек па? Жылдамдықты азайтатын белгілер де жоқ. Осыған қарайтын құзырлы мекеме жоқ па?”, - дейді тұрғындардың бірі.
Өкінішке орай, «Астана-2» ауданында көше-жол желісін жетілдіру мәселелері әлі де ашық күйінде қалып отыр. Тұрғындардың көлікпен жарыса жүруі қашанға дейін жалғасары да белгісіз.