$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбедегі сауда орталығында ер адам жас жігітті пышақтап тастады

Жасөспірім 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақпен соққы жасаған.

Ақтөбедегі "Keruen City" сауда орталығында 17 жастағы жасөспірім ер адамның мойнына екі рет пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 қазанда сауда орталығының екінші қабатында болған. 

Жасөспірім 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақпен соққы жасаған. Зардап шеккен ер адам жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. 

"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 22-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары