Ақмола облысында көлік тасымалдайтын КамАЗ аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 21 қазанда "Екатеринбург – Алматы" автожолында болған.
"6 автокөлікті тасымалдап келе жатқан Mercedes Actros жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлік аударылып қалған. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Ол апаттан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек көліктер зақымданды. Материалдық залал нақтыланады", - делінген хабарламада.