Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында айналып тұрған Феррис дөңгелегінің кабинасы жұлынып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абырой болғанда, оқыс оқиға кезінде аттракционда адамдар болмаған.
Пост авторының жазуынша, дөңгелек ауылға жуырда ғана әкелінген. Оқиға болар алдында жергілікті тұрғындар оған отырып үлгеріпті.
Халық ел қауіпсіздігіне бей-жай қараған билік өкілдеріне наразылығын білдірді. Ал Қызылорда облысының ТЖД ведомствоға оқиға туралы ешқандай ақпарат келіп түспегенін мәлім етті.