$ 443.37  474.49  4.83

Садриддин Ахмедов Алматыда шаршы алаңға шығады

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық боксшының иелігінде бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулері бар.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz.

Боксшы Instagram-парақшасында мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, боксшы келесі жекпе-жегін желтоқсан айында Алматы қаласында өткізеді. Нақты уақыты әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық боксшының иелігінде бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулері бар. Оларды былтыр иеленген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #бокс