$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде екі жігітті өлтірді деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

Оқиға клубтың видокамерасына түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқиға клубтың видокамерасына түсіп қалған. Бастапқыда төбелес клубтың алдында басталған, артынша фоеде жалғасыпты. Артынша күдіктілер зардап шегушілерді “ВАЗ-2114”, “Хенде-Cонато” көліктеріне салып алып кеткен. Зардап шеккендердің бірі алғаш ұсталған үш күдіктіні таныды.

“Үш адамнан түсініктеме алынды. Олар өздерінің адам өліміне қатысы бар екендерін мойындамаған. Зардап шегуші күдіктілерді танып, олардың “Миллонер” клубында адамдарды соққыға жыққанын айтты”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Ақтөбеде Нокин көшесінің бойында Елек өзенінің жағасынан екі адамның мәйіт табылғаны туралы жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары