– YouTube продюсер, Expert Media Group негізін қалаушы Александр Мелентьевтің айтуынша, қазақстандық авторлар 6 жылда You Tube-тен 15 млн доллар тапқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ол Astana Media Week форумында айтты.
«Қазақстан You Tube-інің проблемасы неде? Бұл слайдта былтырғы жылдың статистикасы бойынша есеп жүргізілген. Ақпан айында жаңа нәтижелер шықты. Бұл – 14 млн адам. Оның ішінде 6 млн адам күн сайын кіреді. Менің көзқарасым бойынша, қазір TikTok-пен қызу бәсеке жүріп жатыр. Білмейтіндер болса айтайын, You Tube қысқа форматтағы видеолардың саны бойынша TikTok-тан озып кетті. Бұл – күніне 4 миллиардтан астам. Ондай видеоларды Үндістанда іске қосудың есебінен осылай болды. Өйткені Үндістанда TikTok-қа тыйым салынған»,- деген продюсер қазақстандықтардың әлі де You Tube-кетым көп уақыт жұмсайтынын еске салды.
«Бұл үлкен трафик болғанмен,өкінішке қарай, ол алаңда қазақстандық авторлар, қазақ тілді контент әлі де болса аз. Дей тұрғанмен қазақстандықтар күніне 1,5 сағатын You Tube-ке жұмсайды. Біз әлемде You Tube қараудан үшінші орын аламыз.
Алты жылдың ішінде нарық You Tube авторларына 15 млн доллардан астам ақша төлеген. Бірақ бұл бәрібір теледидар сияқты ілгерілетудің өзге көздеріне жұмсаған ақшаның қасында өте аз. Әзірге бізде You Tube енді-енді ғана қарқын алып келеді»,-дейді маман.
Сондай-ақ, ол You Tube-тің Ресейге қатысты саясаты қазақстандық авторларға кесірін тигізіп жатқанын атап өтті.
«Ресейде қалыптасқан жағдайды бәріңіз білесіздер. You Tube Ресейде видеоны ілгерілету мен монетизацияны толықтай тоқтатып тастады. Тіпті Ресейдегі You Tube-тің кеңсесі жабылып қалды. Білуімізше, қазір ол Дубайда. Осылайша You Tube-тің орыс тіліндегі қолдау қызметі барынша шектелген. Ал қазақ тіліндегі қолдау қызметі бұрыннан болған жоқ. Әрине, бұл да мәселе.
Ішкі нарықтың монетизация бойынша 1 млн қаралымға 300-400 доллар төленеді. Мұндай айналымды You Tube-тегі телеарналар ғана жасай алады», - деген Александр Мелентьев жергілікті жарнама агенттіктері You Tube авторларына жарнама беругесоншалық құлықты есместігін мәлім етті.
«Жарнама агенттіктеріне де You Tube соншалық тиімді емес. Өйткені агенттіктер қандай да бір жеңілдіктер алғысы келеді. You Tube оған бармайды. Сондықтан бізде осындай көрініс қалыптасып отыр.
Ал тікелей жарнама туралы айтсақ, жарнама интеграциялағаны үшін 500 мың теңге төлеуі мүмкін. Бірақ бұл ол шығарылымның шығынын ақтамайды. Кәсіби, сапалы шығарылым жасау үшін кемінде 2-3 мың доллар керек», - деді YouTube продюсер.