Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан мен Түркия спортшыларының арасында туға байланысты дауды бейнелейтін видео тараған еді. Көптің талқысына түскен жағдай 50 келіге дейінгі армрестлингтен жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде болды, деп жазады Мой Город.
Белгілі болғандай, спортшылардың бірі Дана Асанова Орал қаласында тұрады. Ол 19 жаста. Спортшы марапаттау рәсімінде не болғанын баяндап берді.
"Біз Қазақстанның көк байрағын көрсеткіміз келді, алайда Түркияның спортшысы әдейі келіп, біздің туды жауып тастады. Бұл Диана Тюкова екеумізге ұнамай, туымызды тағы да алға шығардық, бірақ ол да берілген жоқ. Кейін біз оны жоғары көтеру туралы шешімге келдік. Қазақтың көк байрағын неліктен басқа ту жабуы керек? Кейінірек олар оқиғаның видеосын жібере бастады, сосын бейнеролик барлық сайтқа тарап кетті", - дейді спортшы.
nur.kz