Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) титулын қорғауды міндеттеді.
Sports.kz сайтының жазуынша, Жәнібек Әлімханұлының WBO титулына міндетті қарсыласы мексикалық Хайме Мунгуяға (40-0, КО 32) болмақ.
«Жәнібек Әлімханұлына Хайме Мунгуяға қарсы жекпе-жек тағайындалады! Бұл күндері Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпионы атанған ұйым – WBO конвенциясы өтіп жатыр. WBO президенті Пако Валькарсель Әлімханұлы Дензел Бентлиді жеңген жағдайда бірінші нөмірлі Мунгуяға міндетті қарсылас болатынын айтты.
Әлімханұлы мен Бентли арасындағы жекпе-жек 12 қарашада өтеді», - деп жазған дерек көзі.