$ 439.4  473.54  4.76

Ақтөбеде екі жігітті өлтірді деген күдіктілердің үшеуі елордада ұсталды (ВИДЕО)

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.

Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінгендердің үшеуі елордада ұсталды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 28 қазан күні Астана қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.

Ұсталған үшеу Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланып, елордада жасырынып жүрген.

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік осыған дейін Ақтөбеде өзен жағасынан екі адамның денесі табылғанын және Ақтөбеде екі жігітті өлтірді деген күдікпен тоғыз адам ұсталғанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе