$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында аққуларды атып алған аңшы ұсталды

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды аулауға тыйым салынғанын білген, алайда құстарды көргеннен кейін оларды атып өлтірген.

Бүгін «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақмола облысы аумағынан қос аққуды атып алған күдікті ұсталды. Оның аңшыға тиісті куәлігі болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде «ИЖ-Юпитер 5» мотоциклін мінген 67 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатады. Оның құжаттары мен көлік құралын тексеру кезінде полицейлер мотоцикл арбасынан атылған екі сұңқылдақ аққу және 12 калибрлі «ТОЗ 34» тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Айта кету керек, қару ІІО тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар.

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды аулауға тыйым салынғанын білген, алайда құстарды көргеннен кейін оларды атып өлтірген.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (Заңсыз аң аулау). Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер аймақта суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Ал, сұңқылдақ аққу – саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары