$ 441.66  475.14  4.86

Instagram жұмысынан тағы ақау шықты

Instagram аккаунттарды жаппай бұғаттай бастаған, оны қалпына келтіру де мүмкін болмай жатыр.

Instagram әлеуметтік желісінің жұмысында ақаулар орын алды. Ол, негізінен, Батыс елдерінің пайдаланушыларына әсер еткен, ал отандық сегмент қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Downdetector мәліметтері бойынша, 3 мыңнан астам адам желі жұмысында қандай да бір проблемаларға тап болған.

Шағымдардың көп бөлігі (65 пайыз) қосымшаның жұмысына қатысты. Сонымен қатар, пайдаланушылардың 29 пайызы есептік жазбаға кіру кезінде, ал алты пайызы Instagram-ның браузерін қолдану кезінде қиындықтарға тап болған.

Сонымен қатар, Instagram адамдардың аккаунтын жаппай бұғаттай бастаған, оны қалпына келтіру де мүмкін болмай жатыр, өйткені қауіпсіздік коды бар SMS ұялы телефонға келмейді.
Компанияның өзі орын алған жағдайға қатысты түсініктеме беруге асығар емес.

Айта кетсек, біздің желі қолданушылары да аккаунттарының бұғатталуы мен қосымшаға кіру мүмкін еместігіне шағымданған.

30 қазанда кешке Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысында жаппай ақау орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары